Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Биыл мұғалімдерге арналған ұлттық біліктілік тесті алғаш рет электронды түрде өтеді

«Педагог мәртебесі туралы» жаңа Заң шеңберінде мектепке дейінгі, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби өсуі Ұлттық біліктілік тестін тапсырып, аттестаттаудан өту арқылы қарастырылған. Биыл аталған тестілеу электронды түрде өтетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық біліктілік тестін компьютерлік режимде өткізуді жоспарлап отырмыз. Қараша айында 70 мыңға жуық мұғалім тестілеуден өтеді. Олар өздерінің сұрақтары мен жауаптарын көруге, жіберілген қателіктерді талдап, дәл елдерімен аппеляцияға беруге мүмкіндік алады. Болашақта біз Ұлттық біліктілік тестін толығымен автоматтандыруды жоспарлап отырмыз, басшылықтың араласуын болдырмаймыз, сондықтан, үміткер біліктілік тестін өткізудің орны, күні мен уақытын өз бетінше анықтайды», – деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігі бейнебақылау көмегімен біліктілік тестін тапсыру барысын бақылауды жоспарлап отыр.

Комментарий