Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Балабақшаларда енді ағылшын тілі оқытылмайтын болды

Сонымен қатар министр мектепке дейінгі білім бері ұйымдарындағы мұғалімдер мен әдіскерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында категориялар беріліп, жалақылары соған сай есептелетінін айтты.

Балабақшада ағылшын тілі енді оқытылмайды. Ал тәрбиешілерінің жалақысы көбейеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар-24

“Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін үйрету сабақтарын алып тастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ тәрбиешілердің жалақысын көбейту жоспарлануда”, – деді министр.

Сонымен қатар министр мектепке дейінгі білім бері ұйымдарындағы мұғалімдер мен әдіскерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында категориялар беріліп, жалақылары соған сай есептелетінін айтты.

Комментарий