Құқық | Право

Астанада бойжеткенді зорлады деген күдікті Қырғызстанда ұсталды

Астана тұрғынын зорлады деген күдікті Қырғызстанда ұсталды деп хабарлайды Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.

Ол 2019 жылдың 5 наурызында ұсталып отыр.

«Қырғыз Республикасы ІІМ-мен бірге жүргізілген шаралар барысында Шу облысы Аламудун ауылында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды, ол Астанада қыз зорлағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде болды», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Қырғыз Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күдікті Бішкек БІСБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол халықаралық іздеуде болған.

«Жиналған материалдар мемлекетаралық Конвенцияға сай экстрадиция мәселесін шешу үшін Қырғыз Республикасы бас прокуратурасына жіберіледі», – деді ведомствода.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Комментарий

Бөлісу | Поделится