Қоғам | Общество

Қазақстанның белсенді жастары саяси күреске білек сыбана кірісуде

Президент сайлауы тұсында белсенген жастар Парламент сайлауы жақындаған сайын саяси күреске білек сыбана араласа бастады. Күні кеше Жанболат Мамай партия құратынын мәлімдесе, қазір өзге қозғалыстар да саяси ұйым құруға әрекет етіп жатыр.

Ал ресейлік және армениялық сарапшылар жастардың саясаттағы орны мен әрекеттері жайында тәжірибемен бөлісуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арна жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жастар үшін өзгеріс жасадық деген армениялық сарапшы соңғы он жылда бірнеше қозғалыс құрылғанын айтады. Ал жай ғана саяси қарсылықпен ештеңе өзгермейді деген ол, соңғы толқуда алаңда шыққан жастар ештеңеден қаймықпай өз талаптарын қойды дейді.

Нәтижесінде қазір Армения мемлкетінде бірнеше министрдің жасы қырыққа да толмаған екен.

Ал Ресейде жастардың қарсылығы Армениядағыдай емес.

Саясаттанушы Досым Сәтбаев Қазақстандағы жастар қозғалысына бірігуге кеңес берді.

“Жастар үшін ең маңыздысы қазір бірігу. Жастар қозғалысы да аға-буынның үнемі қырқысуынан шаршаған соң құрылды. Сол үшін жастар қозғалысы ортақ мүдде жолында бас қосу керек. Сол кезде ғана билік сіздермен санасады. Салмақты ойыншы ретінде қабылдайды”, – дейді Досым Сәтбаев.

2019 жылдың 19 наурзынан кейін бүкіл қоғам саясиланып кетті дейді сарапшы. Ал Қазақстан жастар сайлауда бақылаушы болғаннан кейін ояна бастады деген пікірде. Сондай белсенді топтың бірі “Республика” қозғалысын құрды.

Комментарий