Қоғам | Общество

Алматыда Hyundai тізгіндеген әйел ағашқа соғылып, қаза тапты (фото, видео)

Алматыда жеңіл көлік жолдың шетіндегі ағашқа соғылып, жүргізуші қыз қайтыс болды деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Қаскелеңге жақын жерде орын алған. Мәлімет бойынша Hyundai Solaris автокөлігі Алматыға қарай кетіп бара жатқан. Жолдың таулы аумағында белестер мен құламалар жиі кездеседі. Осындай құламалардың бірінде көктайғақ жолда келіншек көлікті басқара алмай қалған. Машина жолдың қарсы бағыты арқылы өтіп барып, сайға ұшып кеткен. Онда көлік ағашпен қақтығысқан. Жойқын соққының салдарынан Hyundai бөлшектері ондаған метрге ұшып, оның отқа орану қауіпі туындаған.

Куәгерлер күл-талқаны шыққан көліктен келіншекті шығарып алыпты. Олардың айтуынша, әйел адам бастапқыда тірі болған, бірақ қатты жарақаттың нәтижесінде нәтижесінде көз жұмды. Оның артында екі кішкентай баласы қалыпты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Бұның артынша тағы бір ЖКО болды. Осы бағытта кетіп бара жатқан Mercedes-Benz Sprinter-ді тізгіндеген жүргізуші жеңіл көліктің ұшып кеткенін көріп, бірден тежегішке басқан. Сол сәтте оның артқы жағынан Daewoo Nexia соғылады. Абырой болғанда бұл жол апатынан жапа шеккендер жоқ.

Комментарий