Қоғам | ОбществоҚұқық | Право

Елордада отбасындағы әлімжеттікке қарсы митингі өтті

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары отбасындағы жанжалдан кейін ашуға булыққан бір ер адамның әйелін өртеп жібергенін жазған.

19 қазанда Нұр-Сұлтанда “Жерұйық” саябағында отбасындағы әлімжеттікке қарсы рұқсат етілген митингі өтті.      Белсенділер шараға осы айда Нұр-Сұлтанда болған қайғылы оқиға түрткі болғанын айтты,  деп жазады Азаттық.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары отбасындағы жанжалдан кейін ашуға булыққан бір ер адамның әйелін өртеп жібергенін жазған. Денесінің 75 пайызын күйік шалған 38 жастағы әйелді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.

Митингіге қатысушылар бұл істі және отбасындағы әлімжеттікке қатысты өзге де істерді әділ тергеу қажеттігін айтты. Көпшілікті отбасындағы күш қолдану әрекеттерін жасырмай, полицияға айтуға үндеді. Дағдарыс орталықтарының көмегіне жүгінуге болатынын да жеткізді.

Бұған дейін Human Rights Watch (HRW) Адам құқығын қорғау ұйымы мәлімдеме жасап, Қазақстанда әлімжеттік көрген әйелдердің заңмен қорғалмағанын, олардың әділ сотқа қол жеткізуіне мүмкіндігі аз екенін айтқан. Ұйым Нұр-Сұлтанның халықаралық әріптестері АҚШ пен Еуроодақты Қазақстан билігіне отбасындағы әлімжеттік үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша ықпал етуге шақырды.

Комментарий