Талқыдағы тақырып

“Түнгі клубта темірге асылып билеу үшін ғана жүреді” деген бір жақты ой қайдан шыққан?

“Түнгі клубқа тек бұзылған адамдар немесе бұзылғысы келіп жүргендер барады, олар түнгі клубта темірге асылып билеу үшін ғана жүреді” деген бір жақты ой қайдан шыққан? Мысалы, мына мен де түнгі клубқа айына 2 рет барып тұрамын. Жасырмаймын. Бір бокал шарабымды алам да, ойланып отырамын 😀“Өмірімде түнгі клубқа бармадым” деп мақтаныш қылатындарды аяймын ше.. Өмірі барып көрмеген жерлерін жамандайды еще) Ешкімнің ешкімде шаруасы жоқ, әркім өзімен өзі мәз болып жүргендіктен, менің мазамды ешкім алмайтындықтан маған түнгі клуб ұнайды. “Неге ойланып отырсың, не ойлап отырсың, неге үндемейсің” деп ешкім мазаңды алмайды, артық сұрақ қоймайды, рахат қой) Мен де “спустилась в корабельный трюм,
Чтоб не смотреть людскую рвоту”. А, айтпақшы “ойбай, қазақтың қыздары түнгі клубтарда жүр” деп байбалам салудың қажеті жоқ. Өйткені, түнгі клубта қазақтың жігіті де жүреді  Үлкен ағайлар да жүреді… апайлар да… Қазақтың көбісі түнгі клубта жүреді, негізі)

Индира Кереева

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий

Бөлісу | Поделится