Жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысы осы жылдың 1 қарашасынан бастап тоқтатылады деп жоспарлануда
Салалық ведомствоның мәліметінше, жаяу жүргіншілер, жеңіл және жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің қозғалысы 1 қарашадан бастап тоқтатылады.
Осыған байланысты Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті жаяу жүргіншілер, тауарлар мен көлік құралын өткізетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар балама бақылау-өткізу пункттері арқылы шекарадан өте алатынын хабарлайды.
Қазақстанның “Қонысбаев” шекаралық бақылау-өткізу бекеті Түркістан облысында орналасқан. Шекара өткелінде Өзбекстан жақтан Ташкент облысының Чиназ ауданында ашылған “Яллама” өткізу пункті бар.
Sputniknews.kz
Комментарий