Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Допинг дауына іліккен Полторанин алғаш рет мәлімдеме жасады

Алексей Полторанин допинг дауынан кейін үнсіздігін тоқтатып, алғаш рет орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды 31 арна.

Австрияда өткен әлем чемпионатының алдында ұсталған қазақстандық шаңғышы босатылған соң, араға бір апта салып ешқашан допинг қолданбағанын мәлімдеді.

Дегенмен елді шулатқан жағдайда байлынысты тіл қатып, халықтан кешірім сұраған.

“Өмірімде ешқашан да допинг қолданып көрмеппін. Әлем чемпионатында алғаш рет тыйым салынған әдісті қолданып көрмек ой туындады. Алайда, құдайға шүкір олай жасамадым. Сол үшін қатты қуаныштымын. Мен біздің мемлекетке жеңіс алып келіп, жанкүйерлерді қуантқым келді. Мұндай оқиға орын алғаны үшін қатты өкінемін. Барша спортшылардан, спорт сүйер қауым, мемлекет басшылығынан және халықтан кешірім сұраймын” , – деді ол.

Комментарий