Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Екі басты бұзаудың етін жеуге болады ма? (видео)

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауылында екі басты бұзау туылған болатын. Осы орайда дін мамандары мутант жануардың етін жеуге болатыны немесе болмайтыны жайлы елді алаңдатқан сауалға жауап берді деп хабарлайды “Еуразия” бірінші арнасы.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоны түсіруші бұзаудың басының толық жетілгенін, төрт көзі бар екенін жеткізген.

“Араб” сүресінде Алла Тағала айтады: “Құрсақтағы яғни жатырдағы мейлі ол адамның немесе малдың құрсағындағыны қандай бейнеде, қандай суретте жаратуды Алла біледі. Сондықтан әлемде ерекше зат немесе бұзау туылса, оны “Ақырзаман белгісі” деу дұрыс емес. Ол шариғатта қисынсыз.

“Осы малдар өсіп-өнгеннен кейін оны сойып жеуге болады ма? Әлде өз ажалымен өлгені дұрыс па?” деген сауалдар жиі кездеседі. Әрине, ол екі басты болсын, құйрығы жоқ болсын оны сойып жеуге шариғатта әбден рұқсат беріледі”, – дейді Ақтөбе қаласының бас имамы Амантай Сәдиев.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Ақтөбе облысында екі басты бұзау өлі туылған болатын.

Комментарий