Қоғам | Общество

Көпшілігі балалар: Жыл басынан бері қызылша ауруынан 15 адам қайтыс болды

Жыл басынан бері қызылша ауруынан 15 адам қайтыс болды. Негізінен бұл балалар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Өткен жылдан бері қызылша ауруының өсуі байқалды. Бұл жерде ғана емес, Еуропа аймағының көптеген елдерінде. Бұл негізінен жаңа штамдардың енуіне байланысты болды. Бұл жағдайда балалар зардап шекті. 15 адам қайтыс болды. Яғни, вакцинацияланбаған адамдар арасында инфекция таралады», – деді Біртанов мәжіліс аясында.

Ол ата-аналардың сау балаларын вакцинациялаудан бас тартуына байланысты қызылша жұқтырып, денсаулығына байланысты вакцинацияға қарсы көрсетілімі бар балалар көз жұматынын айтты.

«Ең алдымен, қорғалмаған балалар зардап шегеді. Оның ішінде ата-аналары вакцинациядан бас тартқан балалар. Мұның бәрін болжау мүмкін емес – жұғады, жұқпайды деп айту мүмкін емсс. Сондықтан бүкіл әлем жаппай вакцинацияны жүргізуде. Тек жаппай егу иммундық қабат деңгейін сақтауға мүмкіндік береді», – деді министр.

Оның айтуынша, адам денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасында барлық балаларды балабақшаға кірген кезде міндетті түрде вакцинациялау және вакцинацияланбаған балалардың мектепке дейінгі мекемелерге кіруін шектеу қарастырылған.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бастап осы жылдың 9 айында қызылша ауруынан 19 өлім тіркелген.

«Нұр-Сұлтан қаласында 14 іс, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбеде бір-екі жағдай орын алуда», – деп толықтырды Бекшин.

Комментарий