Қоғам | Общество

“Базарда арзанырақ”: Ұлттық экономика министрі азық-түлікті қайдан сатып алатынын айтты

Елімізде азық-түлік бағасының өсуі барлығын алаңдатады. Осылай деген ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазақстандықтарға азық-түлікті қайдан және қалай сатып алуы керектігі жөнінде кеңес беріп, өзі қайдан сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Өзінің де көпбалалы әке екенін айтқан ұлттық экономика министрі кейбір азық-түлікті базардан, жәрмеңкеден сатып алатынын жасырмайды. Базардағы баға төмен әрі таңдау көп, дейді ол.

«Базардан сауда жасаған дұрыс. Онда таңдау көп әрі баға да арзанырақ. Жәрмеңкеге де барамын. Егер ет бағасы қымбаттаса, оған не себеп болғанын сұраймын. Сатушылар өнімнің жіберілетін бағасының қымбаттағанын айтып шағымданады. Ал етті жіберіп отырғандар жем бағасының өскенін айтады. Бағаның өсуі барлығын алаңдатады. Бұл өте жаман. Шара қабылдау керек. Өз басым кәдімгі нанды сатып аламын. Қандай да бір ерекше нан алмаймыз», – дейді Дәленов.

Сонымен қатар министр көбіне банк картасымен есеп айырысуға тырысатынын айтып, өзгелерге де осылай жасауға кеңес берді. Себебі бұл тиімді әрі қауіпсіз екенін айтады. Сондай-ақ, бонус түсіп, белгілі бір жеңілдіктер беріледі, дейді.

Комментарий