Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Есімов Президентке жолдаудағы тапсырмалардың орындалу барысын баяндады

Ахметжан Есімов ұлттық компанияларды жекешелендіруге дайындық барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде квазимемлекеттік сектордағы компаниялар санының қысқартылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов ұлттық компанияларды жекешелендіруге дайындық барысы туралы баяндады.

Комментарий