Әлемде | В мире

75 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

75 жастағы әйел мен 80 жастағы күйеуі экстракорпоральді ұрықтандыру жасаған.

Әйелдің жасына байланысты кесар тілігі жасауға тура келген. Үндістанның Раджастан штатының тұрғыны Прабха Деви 75 жасында босанды, деп хабарлайды The Sun.

Басылымның жазуынша, 75 жастағы әйел экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) арқылы бала көтерген.

Сәби жүктіліктің отызыншы аптасында туды. Қыздың салмағы небәрі 700 грамм.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жасына байланысты кесар тілігі жасауға тура келген.

Сәби дүниеге келген соң бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қалыпты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Комментарий