Құқық | Право

“Бір жерлеріңді көтеріп, қимылдаңдар бар”: Қарағандыда анайы сөздермен ұрысатын шенеунік әйел жазаланбақ

Қарағанды әкімдігінде жұмыс істейтін шенеунік әйел қоластындағыларға анайы сөз айтады деп айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет бойынша департамент ұйымдастырған этика кеңесінің отырысында жер қатынастары, қала архитектурасы мен құрылысы бөлімінің басшысы Шолпан Жүсіповаға қатысты тәртіптік іс қаралды.

Департамент мәліметінше, шенеуніктің үстінен екі арыз түскен. Оның қоластындағылар өзін ауыр сөз айтып балағаттайтынын жеткізді. Сондай-ақ, олар Жүсіпова мен оның қоластындағы қызметкері сөйлескен аудиожазбаны ұсынған. Аталған жазбадан бөлім басшысының «Бір жерлеріңді көтеріп, қимылдаңдар» деген сөзін естуге болады.

Кеңес мүшелерінің пікірінше, мемлекеттік қызметкер тарапынан мұндай сөздер айту ұят. Сондай-ақ, ведомство қызметкерлерге осы іске қатысты тағы де теріс фактілердің анықталып отырғанын айтты.

Комментарий