Құқық | Право

Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке-бар жезөкшелер ордасы болып шықты (видео)

Алматыда полицейлер жеңгетайлық пен жезөкшелік қызметтер көрсетіліп келген жабық караоке-барды анықтады. Тәртіп сақшылары жеңіл жүрісті 14 қыз бен Оңтүстік Кореяның 3 азаматын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Караоке-притон қаладағы бизнес орталықтардың бірінің 10-қабатында орналасқан. Полицейлер «жұмыс орнынан» 14 жеңіл жүрісті қыз бен 3 оңтүстік кореялық азаматты ұстады.

«Бұл күмәнді орында «шай-кофе» принципі бойынша қызмет көрсетліген. Яғни клиент «шай» деген нұсқаны таңдағанда, қыз жанында болып, ән шырқап, жай ғана қонақтың көңілін көтерген. Ал «кофе» деген код сөзді атаса, қыз отырыстан кейін клиентпен бірге кететін болған. Көбіне клиенттер Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары болған», – дейді Алматы қалалық ПД қылмыстық полиция басқармасы басшысы Жанболат Зиадин.

Полиция мәліметінше, тұтқындалған 14 жеңіл жүрісті қыздың үшеуі Өзбекстаннан, ал біреуі Ресей Федерациясының азаматшасы екен. Қалғандары – өз отандастарымыз.

«Сонымен қатар оқиға орнынан 1985 жылғы азамат ұсталды. Ол осы жердің әкімшісі болған. Бұған дейін жезөкшелікке тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған», – дейді Жанболат Зиадин.

Әзірге аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бабына сәйкес әкімшілік өндіріс тіркелді. Караоке-бардың иесіне қатысты тиісті шаралар қабылданады, дейді полициядағылар.

Кәрістер мен қытайларға қызмет көрсеткен: Алматыдағы караоке жезөкшелер ордасы боп шықты (видео)

Ұсталған тұлғалардың барлығы полиция басқармасына жеткізілді. Олардың тұлғасы анықталып, заңға қайшы әрекеттерге қатысы тексерілетін болады.

Ал өзге ел азаматтарының Қазақстан аумағында заңсыз жүрген-жүрмегені тексеріледі.

 

Комментарий