Қоғам | Общество

Тойдан соң өзгере бастайды: Желі қолданушылары ажырасудың шынайы белгілерін атады

Reddit қолданушылары дұрыс емес адамға үйленгендерін түсінген сәттері туралы айтты. Ажырасудың нақты белгілері туралы ақпаратқа 53 мыңнан астам адам пікір жазды.

Көпшілігі үйлену тойынан кейін олардың серігі танымастай өзгергенін мойындады.

Қолданушы SHEnanigans0312 мәліметі бойынша, күйеуі оны ешқандай себепсіз ұрған, дегенмен бұған дейін ол физикалық зорлық-зомбылыққа жол бермеген. Күйеуі жай ғана әзілдеп отырғанын түсіндіргенімен кейін мұндай жағдайлар жиілеп кетіпті. Кейін әйелі ажырасуға өтініш берген.

Atlienk қолданушысы өзінің құрбысының күйеуі үйлену тойынан кейін бірден өзгергенін айтты. Ол әйелінен барлық үй жұмыстарын орындауды талап ете бастаған. Бірақ ол бұрын кеңседе көп уақыт өткізіп, мансап сатысына көтерілгеніне қарсы болған жоқ еді.

Пайдаланушы Fukenhimer өзінің бал айы кезінде дұрыс емес қызға үйленгенін түсінді. Fukenhimer әйелі оны үнемі проблемалары үшін кінәлай бергенін айтады: ол қолшатырды ұмытып кетсе немесе терісіне күн қорғанысына арналған крем жауға ұмытса да күйеуін кіналайтын болған.

Hevaly_armed_proto қолданушысының әйелі үйлену тойынан кейін күйеуіне қатты қызғана бастады. Ол өзінің анасына жіберілген хабарламаларды тексере бастаған. Пайдаланушы мұндай қызбен отбасын құра алмайтынын түсінгенін жазды.

Кейбір ерлі-зайыптылар үйлену тойынан кейін серіктестеріне қолдау көрсете алмайды.

Marguerite_lavache үйлену тойынан кейін таңертең оянғанда ажырасу туралы ойланған. Сол күні-ақ дұрыс емес адамға үйленгенін түсініпті.

Комментарий