Шоу бизнес

“Басқа біреуге тиіп алсаңшы”: Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей әйеліне

Актер Қайрат Әділгерей танымал болу үшін әйелімен ажырасып кетуді де ойлайды. Өйткені оларды бағдарламаға шақырып, сұхбат алушылар аз екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламаға сілтеме жасап.

«Кейде Бақытқа айтамын «Екеуміз айырылысып кетейік. Өтірік айырылысып кетіп, сен басқа біреуге тиіп алсаңшы. Сол кезде бізді жан-жақтан жұлмалап шақырады. Солай хайп қуамыз» деймін», – дейді Қайрат Әділгерей.

Актер әйелі Бақыт Тұрманды да кино әлеміне алып шыққысы келген. Алайда, режиссерлер оған ешқандай рөл бере алмапты. Қазір әйелі өз шығармашылығын дамыту үстінде екен. Егер киноға түсуге шақырып жатса, бас тартпаймын дейді.

Комментарий