Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Көліктер батып қалған: Желіде Алматыда су басқан көшенің видеосы тарады

Желіде Алматыда жолды ыстық су басып, көліктердің батып қалғаны түсірілген видео тарады. Болжам бойынша, жылу жолы жарылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram желісіндегі kris_p_forever парақшасында куәгерлердің оқиға орнында түсірген видеолары тарауда. Олардың сөзінше, Бекмаханов көшесінің Райымбек даңғылынан төмен тұсында құбыр жарылған.

Видео кадрларынан жолдың біраз бөлігін су басқаны, бу шығып жатқаны байқалады. Сондай-ақ бірнеше көлік толықтай дерлік суға батып қалған. Олардың тек төбесі көрінеді.

Комментарий