Шоу бизнес

“Күйзелісте жүрмін”: Сиви Махмуди күйеуімен ажырасып кетті дегендерге жауап берді

Белгілі әнші, продюсер Сиви Махмуди өзіне қатысты бірнеше қауесеттерге жауап берді. Ол соңғы кезде өмірінде орын алған оқиғаларға қатысты есін жия алмай жүр екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасап.

«Әлі толықтай өзіме келмедім. Кішкене күйзелісте жүрмін. Себебі, көлік апатына түстім, артынша Жанар қайтыс болды. Жанармен төрт-бес ай бірге бір үйде тұрғаннан кейін біраз ауыр тиіп жатыр. Енді есімді жинап өзіме келудемін. Жол апатынан кейін менен “Ажырасып кеттіңіз бе? Осындай сыбыс жүріп жатыр” деп сұрады, сосын мен “Жоқ, көріп тұрғаныңыздай үйде жүр” деп айттым. Дұрыс емес ақпараттар жүріп жатыр” , – деді

Сондай-ақ, Сиви Махмуди Жанар екеуіне қатысты кейбір тараған әңгімелердің де өтірік екенін айтты.

Комментарий