Тәжікстанда 18 жастағы жас келіншек асылып өлді. Ол қайын атасынан көрген қорлыққа шыдамаған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Тәжікстанның Жайхун ауданы Зарнисор қышлағында болған. 64 жастағы Эмом Забиров есімді ер адам жас келінін өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген. Ол 5 жыл екі айға сотталды.
Ер адам үстіміздегі жылдың маусымында ұсталса, жас келіншек 15 сәуірде өз үйінің сарайында асылып қалған. Қайын жұрты оның психикасы бұзылғандықтан өзіне қол жұмсаған дейді. Алайда Гүлбахардың ата-анасы бұған еснбейді. «Дені сау. Оны сот-миедициналық сараптама дәлелдегенін» айтады.
Тергеу органдары Забиров келінін үнемі кемсітіп, күн көрсетпегенін, жас қыз соның кесірінен асылып өлгенін анықтады.
Басылымның жазуынша, Гүлбахор Фаромарзова 2018 жылы Раджабали Забировқа тұрмысқа шықты. Жарты жылдан соң оның күйеуі Ресейге жұмысқа кетті, ал қыз оның ата-анасының үйінде қалды.
Келіншектің туыстары шығарылған үкім көңіллдерінен шыққанын айтуда.
Комментарий