Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Бір ай бұрын мектеп жанында қыз баланы зорламақ болған күдікті полицейлердің қолынан қашып кетті. Бірақ, тәртіп сақшылары түсте көз жазып қалған қашқынды, түнге қарай қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп.

Қыз зорламақшы болды деген айыппен тергеуге алынған азаматты тәртіп сақшылары ақыл-есін тексеру мақсатында диспансерге әкелгенде ебін тауып сытылып шыққан. Дереу дабыл беріліп, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, ұала сыртына апарады деген жолдардың барлығы жіті тексерілген. Арам пиғылды қала сыртына шықпасын деген ниетпен бекеттерде жабылып, кептеліс болды.

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген.

Полиция қызметкерілері қашып кетуге себеп болған барлық жағдайды тексеруге алып жатыр. Тайлы тұяғы қалмай іздестіру нәтижесінде қылмыскер түннің бір жарымында ұсталған. Қолына кісен салмақшы болғанда тағы да сытылып кетпекші болып қарсылық көрсеткен.

ПД өкілінің айтуынша, кешенді жедел іздестіру нәтижесіде қолға түскен қылмыскер қазіргі таңда тергеу изоляторында қамауда.

Күдіктінің қызды зорламақ болғаны дәлденсе, жазадан қашып кетпек болғаны үшінде мерзім қосылады.

Комментарий