Аймақ | РегионЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Аяусыз ұрған”: Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Қарағандының ірі сауда орталығының алдында қыздар төбелесіп мәселе “шешпек” болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Халықаралық қыздар күні қыздар арасында төбелес болды. 12 жасар жеткіншектер бір-бірін көк ала қойдай еткен. Мектеп оқушыларының арасындағы жұдырықтасу ұзаққа созылған жоқ. Өтіпкінші адамдар оларды зорға ажыратып алды.

“Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны – түсініксіз. Төбелеске дейін олар телефон арқылы сөйлесіп, содан кейін Қарағандыдағы орталық алаңды спарринг үшін таңдап, кездескен”, – делінген сюжетте.

 

Аталған іске байланысты іс қозғаған полицейлер жас өспірімдерге айыппұл салынатынын айтады. Шаш жұлысқан төбелестен қыздардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

“Әлеуметтік желілерде таралған видео бойынша “бұзақылық” бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиға қатысушылар анықталды”, – деді Қарағанды облысы ЖП баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Комментарий