Қоғам | Общество

Алматыда 5 автокөлік соқтығысты

Hyundai жүргізушісінің айтуынша, көлік тізгінінде келе жатып, ол есінен танып қалған және жол апатының барлық мән-жайын білмейді екен.

Алматыда Hyundai жүргізушісі бірнеше көліктің соқтығысуына себепші болды, – деп хабарлайды “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 

Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылының бойында болған. Бес автокөлік соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі бір бағытта кетіп бара жатқан Toyota маркалы автомобилін соққан. Осыдан кейін, ол жолдың қарама-қарсы бағытына өтіп кетіп, Toyota Highlander және Toyota Carina көліктерімен соқтығысқан. Соңғысы соққы салдарынан жүк көлігіне барып соқтығысады.

Hyundai жүргізушісінің айтуынша, көлік тізгінінде келе жатқанда ол есінен танып қалған және жол апатының барлық мән-жайын білмейді екен.

Hyundai көлігінде отырған екі жолаушы мен Hyundai жүргізушісі және Toyota Highlander салонындағы бала зардап шеккен.

Комментарий