Аймақ | РегионҚоғам | Общество

Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды

Әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды. Трагедияның себебі мен салдары анықталуда 

 Арыс маңындағы полигон аумағында оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери қызметкер көз жұмды.

“11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация болды. Салдарынан топ жетекшісі, әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы, майор А.С.Ақышев ауыр жарақат алып, көз жұмды”, – деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Оқиға болған жерден алынған ақпаратқа сәйкес, жұмыстар қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілді.

Трагедияның нақты себебі мен салдары анықталуда. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ведомство бұл жағдай полигонға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына қауіп төндірмейтінін түсіндірді, өңірде үздіксіз бақылау жүргізіліп жатыр.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оларға барлық қажетті көмек көрсететін болады.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Комментарий