Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne порталына сілтеме жасап хабарлайды.
8 қазанда полицияға Джайпурхат округіндегі ауыл тұрғындарынан әйелге қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы шағым түскен. Артынша 23 жастағы әйелінің шашын тақырлап тастаған 35 жастағы Баблу Мондал ұсталды.
«Ол жұбайы әзірлеген таңғы астан әйелдің шашын тауып алған. Осыған ашуланған ер адам бәріне әйелін кінәлапты. Мұнан кейін ол әйелінің шашын күштеп тақырлап тастаған», – дейді жергілікті полиция басшысы Шариар Хан.
Мондалға әйелінің денесін қасақана жарақаттап, зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды. Ендігі ол 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Басқа да | О другом
Ингушетияда жеті жасар қызды ұзақ уақыт бойы тәтесі ұрып келген: Қыздың оң қолын кесіп тастады
В Южной Корее число зараженных коронавирусом выросло до 556 человек
В России могут запретить пускать детей без прививок в школы и детсады
Власти Ирана арестовали несколько человек по делу о крушении украинского самолета
Комментарий