Қоғам | Общество

Ашық ғарышқа шыққан алғашқы адам: Ғарышкер Алексей Леонов өмірден озды

Ашық ғарышқа шыққан әлемдегі алғашқы ғарышкер Алексей Леонов 10 қазанда 86 жасында өмірден озды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аты аңызға айналған ғарышкердің өлімі туралы ақпаратты Гагарин атындағы ғашыркелреді дайындау орталығындағылар растады.

Ал Леоновтың туыстары ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Алексей Леонов 86 жаста болған. Ол соңғы күндерін Мәскеудегі ауруханада өткізген.

Алексей Леонов Кеңес одағының батыры атағын екі мәрте алған. Ол 1965 жылы ашық ғарышқа шыққан әлемдегі алғашқы адам болды. Леонов ашық ғарышта 12 минут болған.

Алексей Леоновтың артында жұбайы, қызы мен екі немересі қалды.

Комментарий