Аймақ | РегионЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Ата-ананың тәрбиесінен шеттеп қалған”: Жамбыл облысында оқушы қыздардың жүктілігі көбейген

Жамбыл облысында жыл басынан бері 192 қыз бала жүкті болып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды.

Ағарту ошағында жүріп аяғы ауыр боп қалғандар неге көбейген? Мектепке білім алу үшін емес, бүліну үшін барған ба? Осылай деген “Нұр Отан” партиясы балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшесі Рысты Жұмабекова, жамбылдық шенеуніктерге шүйлікті. Астанадан аймаққа арнайы келген маманның мәліметінше 16 жастағы 81 қыз, ал 7-уі тіпті 16-ға да толмай жатып жүкті болған. Жаға ұстатарлық жайтқа қатысы Білім басқармасының жауап беруін талап етті.

“Осыншама саны көп, мектепте жүрген қыз балалардың жүкті боп қалуы, қалай ойлайсыз, ұстаз ретінде, ана ретінде себебі неде”, – дейді “Нұр Отан партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшесі Рысты Жұмабекова.

“Әлеуметтік портреттеріне қарайтын болсақ, ата-ананың тәрбиесінен шеттеп қалған, сондай, көбінесе қолайсыз отбасынан шыққан қыздарымыз осындайға тап болып жатады. Дәл қазір олар мектептерде немесе колледждерге ауысып кеткен”, – деп жауап берді Жамбыл облыстық білім басқармасының білім басшысы Рахия Тұрмаханбетова.

Білім басқармасындағылар бүгінде мектеп партасында отырған оқушылар арасында жүктілер жоқ деді. Жастықпен шалыс басқандардың барлығы колледждер мен кешкі мектептерге ауысып кеткен. Олардың басым бөлігі отбасын құрыпты.

Комментарий