Шоу бизнес

“Мәңгілік ештеңе жоқ”: Нұрлан мен Мұқасанның арасы неге үзілді

 

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Шахзадаев кезінде өзіне бауырындай болып, кейін достығы үзілген Нұрланмен қазіргі кезде қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

“Өкінішке орай, Нұрлан екеуміз бөлек кеткелі, бөлек жұмыс бастағалы үш жылдың көлемі болды. Тіпті, айта-айта шаршадық.

Нұрлан өз шығармашылығымен, мен өзімнің шығармашылығыммен айналысудамын. Бір бірімізді көргенде құшақ жая амандасамыз.

“Нұр-Мұқасанды” сағынбау мүмкін емес. Себебі, 27 жыл бойы халықтың көкейінде жүрген топ. Әрине, өзімізде де сағыныш болады. Бірақ, мәңгілік ештеңе жоқ. Өмір болғаннан кейін бәрін көре білеміз”, – деді Шахзадаев.

“Нұр-Мұқасан” тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзімен бір топта ән салған Нұрлан Қонысбаев екеуінің бөлек кетуіне қатысты пікір білдірді. Қос жұлдыздың қарым-қатынасының үзілгеніне үш жылдан астам уақыт өткен деп жазады Youtube желісіндегі “ShowNewskz” бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш топта өнер көрсеткен екі әнші де бүгінде жеке шығармашылығымен айналысып жүр.

Алайда, отыз жылға жуық сахна төрінен түспеген топты сағынып, іздеуді ел тоқтатар емес.

Комментарий