Шоу бизнес

Қайрат Нұртас әйелінің Қарақалпақстаннан екенін мойындады

Миллиондаған жанкүйері, тыңдарманы бар Қайрат Нұртас әйеліне қатысты ақпаратты бөлісті. Ол өзінің Қарақалпақстанға күйеу екенін айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Megaline” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайраттың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Қарақалпақстан елінде дүниеге келген.

Қайрат Нұртас Қарақалпақстан еліне концерт қойып, сол елдің телеарнасының біріне сұхбат берді. Сұхбат барысында әнші жүргізушінің сұрағына жауап беріп, әйелінің осы елден екенін жасырмай айтты.

“Менің әйелім осы Қарақалпақстан елінен, осында туған, бірақ Алматыда өскен. Ұлты – қазақ. Демек, мен Қарақалпақстанға күйеумін”, – деді әнші күліп.

Бұған дейін Қайрат мылқау жанкүйерінің берген костюмінен бас тартып абсы дауға қалған еді.

Комментарий