Әлемде | В миреСпорт

Бокстан әлем чемпионы жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті

WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі жеңілмеген әлем чемпионы, америкалық Эррол Спенс жол апатына ұшырап, ауыр жарақаттанған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TMZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, Ferrari көлігін тізгіндеген боксшы қазанның 10-ына қараған түні Далласта жол апатына ұшыраған.

Полиция мәліметінше, Спенстің көлігі апат кезінде кемінде 5 рет аударылған. Боксшы жоғары жылдамдықпен келе жатқан екен. Сонымен қатар ол қауіпсіздік белдігін тақпаған. Әзірге апат кезінде боксшының мас болған-болмағаны белгісіз.

Қазіргі уақытта Спенс қарқынды ота бөлімінде жатыр. Ол тірі. Алайда қандай жарақат алғаны әзірге хабарланбады.

FOX4Terry@FOX4Terry

Sources confirm boxer seriously injured in overnight crash along Riverfront Blvd. He was ejected from the car. @DanGodwinFOX4 live with the latest @GoodDayFox4 @FOX4

View image on TwitterView image on TwitterView image on Twitter
618 people are talking about this

Спенс 28 қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде отандасы Шон Портерді жеңіп, оның WBC атағын иемденіп, IBF белбеуін қорғаған еді.

Комментарий