Судья мінбері | Судебная система

Рейтингтегі көрсеткіш жоғарылап келеді

Doing Business деген атаудың қоғамға дендеп еніп, танымалдыққа ие болғанына бірнеше жыл өтті. «Басында бұл нені білдіреді? Бизнеске қандай қатысы бар?» деген сауалдар жиі қойылатын. Бірақ, мемлекеттік органдардың тынбай түсіндіруінің арқасында Doing Business сөзінің мағынасы кәсіп жүргізу шеберлігімен қабысатыны жұртшылыққа белгілі болды. Әрине, әр мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытып, елдің көшін түзеуге тырысатыны анық.

Ал жаһандық банк сарапшылары осы елдердің ішіндегі бизнес жүргізуге қолайлы аймақты, кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған қолдауды, экономиканы алға жүргізбей отырған кемшіліктерді тізбелеп, қорытынды жасайды. Бизнес жүргізуге қабілетті екенін дәлелдеуге тырысқан әлемнің 190 елінің ішінен үздіктерін іріктейтіндіктен бұл есептің мемлекеттер үшін ғана емес, инвесторлар үшін де пайдасы зор.

Жаһандық банк сарапшылары жыл сайын жасайтын бұл есепте әрбір мемлекеттің кәсіпкерлерге қаншалықты қолдау көрсетіп, кәсіптің өркендеуіне нендей қамқорлық танытып отырғаны жан-жақты таразыланады. Сараптама жалпы 1 жылғы көрсеткіштің қорытындысын есепке ала отырып жасалады. 2018 жылғы көрсеткіштерді сараптаған жаһандық банк білгірлері Қазақстанның 28-орынға табан тірегенін мәлімдеді. Бұл бірнеше жылдан бері қол жетпей жүрген меже. Біз мұндай көрсеткішке экономикадағы мықты реформалардың, кәсіпкерлерге жасалған жағымды жеңілдіктердің арқасында қол жеткіздік. Айталық былтырғы жылы елдің көрсеткіші 8 сатыға төмен еді. Биылғы жылы Испания, Франция, Польша, Португалия, Швейцария, Түркия елдерінен озық тұрғанымыз елдегі берекелі бірліктің, жаңа бастамаларға көп болып қолдау білдіруіміздің арқасы деп бағалаған жөн.

Біз мұндай көрсеткішке экономикадағы мықты реформалардың, кәсіпкерлерге жасалған жағымды жеңілдіктердің арқасында қол жеткіздік. Алдағы уақытта да осы биіктен түспей, керісінше, жетістіктерімізді еселей беруіміз керек.

Әлия Маратова,

Алматы қаласы Әділет департаменті «Сот актілерін орындау жөніндегі Алмалы ауданының аумақтық бөлімінің» басшысы

Комментарий