Қоғам | Общество

Алтайды қандала басты

Қандала өсімдікпен қоректенетіндіктен адам денсаулығына мүлде зиян емес екен.

Биыл қазан айының жылы болуы жәндіктердің көбеюіне себеп болды, деп жазады YK-news.kz.

Алтай тұрғындары қандаланың үйлерінде де өріп жүргенін айтып шағымданды. Тіпті кейбірі үйлеріне дизинфекция зертханасына жүгінген.

Мамандар олардың көбеюіне күннің жылы әрі ылғалды болуы себеп екенін айтады. Тек өсімдікпен қоректенетіндіктен адам денсаулығына мүлде зиян емес екен.

Ал бұрынғы санэпидемстанция болса, жұқпалы ауру таратпайтын болғандықтан, қандаланы жоюды жоспарлап та отырған жоқ.

Комментарий