Қоғам | Общество

Сапарбаев қазақстандықтардың елордада тұрғысы келетіні туралы: Нұр-Сұлтан “резеңке” емес қой

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандықтардың елордада өміру сүруге деген ниеті туралы айтты. Қаланың белгілі бір тұрғындар санына есептелген ресурсы бар, дейді ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сапарбаев өз сөзінде әрбір қазақстандықтың елордада өмір сүргісі келетінін айтты. Алайда бұл мүмкін емес, дейді.

«Әрбір отбасы балаларының Нұр-Сұлтандағы жақсы ЖОО-ларда оқығанын қалайды. Алайда мұнда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, неліктен мүмкін емес екенін түсіндіру керек. Нұр-Сұлтан  «резеңке» емес қой. Қаланың белгілі бір тұрғындар санына есептелген ресурсы бар. Бақылаусыз ішкі көші-қон салдарынан тұрғын үй, білім алу орындары және балабақшадағы орындарға қатысты қиындықтар туындауы мүмкін», – дейді Сапарбаев.

Сонымен қатар вице-премьер елордада баспанасыз және жұмыссыз өмір сүрудің қиын екенін атап өтті.

«Сондықтан көшу кезінде осы мәселелердің бәрі ескерілуі тиіс. Себебі елордаға келіп, баспанасыз, жұмыссыз өмір сүру өте қиын. Тыйым сала алаймыз. Сондықтан адамдарға қай жерде өмір сүрген жақсы және қай жерде тиісті жағдайлар жасалатынын түсіндіруіміз керек», – дейді премьер-министрдің орынбасары.

Комментарий