Шоу бизнес

«Шайтандар қылқындырады»: Замира Сұлтан өз-өзіне қол жұмсаған

Атышулы Замира Сұлтан кейінгі кезде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оны әлдебіреулер ұйықтатпай, қылқындырады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қалаулым сен» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Мені емдейтін апа бар. Қызымды, ұлымды емдеді. Соған барғанда ем жазып берді. Өз-өзіме қол жұмсағаннан кейін екі апта ұйықтамадым. Ұйықтасам, шайтандар қылқындырады. Терезе-есікті жапсам, неге жаптың дегендей. Неше түрлі жағдайлар болды. Біресе апам, біресе апам қасымда отырады. Күндіз ғана ұйықтайтынмын. Өйткені түнде маза бермейді», – дейді.

Әжемнің жеті атасынан қалған Құран кітапты басына қоййып ұйықтаса да, ешнәрсе оған көмектесе алмапты. Айтуынша, кейіннен Замираны орыс әже емдей алған.

Комментарий