Қоғам | Общество

Вице-министр Фатима Жақыпова диссертациясында басқа еңбектердің өте көп екені дәлелденді

Одан бөлек, автор басқа еңбектерді қайта жазып, өңдеуге тырыспай, мәтіндерді қаз-қалпында қосып қойған. Бұл ғылыми әлемде өте қатты талқыланады деді басылым.

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова тағы да көптің назарына ілікті. Шетелдік StrikePlagiarism сараптама жүйесі БҒМ басшысы орынбасарының ғылыми дәреже берілген диссертациясынан плагиат белгілерін анықтады. Бұл жайында “Время” басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фатима Жақыповаға қатысты дау осы жылдың қыркүйек айында басталған еді. Министрлік қызметкерлерінің бірі БҒМ вице-министрі диссертациялық жұмысының жартысынан көбі басқа ғылыми еңбектерден алынғанын айтқан болатын.

Ал Жақыпованың өзі әлеуметтік желіде бұл айыптауларды теріске шығарды, дегенмен вице-министр аталған жазбасында көп қате жіберді. Артынша ол мәтінді телефонда асығыстықпен жазғанын мойындады.

Дәлел ретінде шенеунік Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (ҰМҒТСО) ұсынған құжатты жариялады. Онда диссертация “Антиплагиат” жүйесі арқылы сараптамадан өткені және ешқандай тәртіп бұзушылық анықталмағаны көрсетілген.

Басылым хабарлағандай, осы жылдың қыркүйек айында Satbayev University академиялық жұмыс бойынша проректоры Ринат Ысқақов Фатима Жақыпованың диссертациясын “Антиплагиат” жүйесінің басқа түрі болып табылатын және Қазақстан мен ТМД, Еуропа елдерінде пайдаланылатын Plagiat.pl компаниясының StrikePlagiarism жүйесі арқылы тексерген.

Проректор өткізген сараптама нәтижесі вице-министр диссертациясында басқа еңбектер бар екенін, тіпті, олар өте көп екенін көрсеткен.

“Қорытындыда былай көрсетілген: Жақыпова диссертациясындағы мәтіннің маңызды бөлігі академиялық дәйексөзді бұза отырып алынған”,- делінген мақалада.

Одан бөлек, автор басқа еңбектерді қайта жазып, өңдеуге тырыспай, мәтіндерді қаз-қалпында қосып қойған. Бұл ғылыми әлемде өте қатты талқыланады деді басылым.

Аталған ақпаратты Plagiat.pl халықаралық компаниясының атқарушы директоры Али Тахмазов та растады. Оның сөзінше, қазақстандық университтердің бірінің қызметкері расымен де Жақыпованың жұмысына сараптама жүргізген.

Сараптама нәтижелері автор мәліметтерді дереккөзді белгілемей алғанын көрсеткен.

“Жұмыста пайдаланылған мәтіндердің авторларына сілтеме берілмесе, бұл плагиаттың бар екенін анықтайды”, -деді Али Тахмазов.

Сарапшы ғылыми дәрежеге үміткерлер үшін мұндай жағдайға жол берілмейтінін атап өтті.

“Біз ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған ғылыми жұмыс туралы әңгіме жүргізіп отырмыз. Егер студент реферат дайындау барысында тырнақша қоюды ұмытып кетсе, одан қайта даярлауды сұрауға болады. Ал бұл жерде ғылыми дәреже алу үшін! Мұндай қателіктер жіберуге болмайды!”,- деді ол.
Маман тырнақшаларды қанша толықтырса да, автор құзіретіне күмән туатынын айтады.

“Жүйе тағы бір суреттің басқа жұмыстан көшірілгенін анықтады”, -деді ол.

Компания өкілі әңгіме ғылым әлемі үшін үлгі болатын министрліктің басшылығына қатысты болғандықтан, бұл өте ауыр мәселе екенін түртіп өтті.

“Адалдық өзіңнен басталады. Өкінішке қарай, заңнамалық вакуум мен қоғамның плагиатқа деген тиісті көзқарасының жоқтығынан мұндай жағдайлар қайталана беретін болады”, -деп есептейді Тахмазов.
Шетелдік компания өкілі осыған дейін вице-министр әлеуметтік желіде ұсынған ҰМҒТСО қорытындысына да пікір білдірді. Сарапшының сөзінше, ол ұлттық орталықтың аталған анықтаманы қалай бергені мүлде түсініксіз.

“Айтпағым, бұл ұйымның базасы шектеулі болуы мүмкін. Сондықтан, осындай қорытынды шыққан болуы ықтимал”, -дейді Plagiat.pl атқарушы директоры.

Сонымен қатар, ол заңға сәйкес ҰМҒТСО-ға өз еңбектерін жіберген үміткерлер тексеріс үшін қомақты қаражат төлейтінін атап өтті.

“Ал кейіннен олар жауап алады, барлығы таза, плагиат жоқ, артынан осындай жағдай орнайды. Яғни, өз қызметіңе кез келген қаржыны бекітіп, сараптама сапасы үшін жауап бермеуге бола ма? ҰМҒТСО алгоритмі қалай жұмыс істейтінін кім тексерді? Мен мұндайды әлемнің еш жерінен көрмегенмін. Бұл Қазақстанның имиджін құртатын парадокс”,- деп түйіндеді Тахмазов.

Оның пікірінше, бұл жоғары деңгейде шешілетін маңызды мәселе.

Аталған ақпаратты көшіру және пайдалану тек “Издательство Время” ТОО рұқсатымен жүзеге асады.

Комментарий