Қоғам | Общество

«Еркектерден әйелдер көп…»: Назарбаева тың ұсыныс жасады

Назарбаеваның пікірінше,  Қазақстан халқының 50 пайызынан астамы әйелдер екеніне қарамастан, олар басшылық қызметтерде аз  

 Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен жүздесті. Кездесу барысында ол Қазақстанда басшылық лауазымға әйелдерді көбірек алу қажеттігін атап өтті.

Назарбаева кездесу кезінде мемлекеттік басқару мен еліміздің саяси өміріне әйелдердің қатысуын кеңейтуге назар аударды, деп хабарлады парламент сенатының баспасөз қызметі.

Оның пікірінше, Қазақстан халқының 50 пайызынан астамын әйелдер екеніне қарамастан, олар мемлекеттік құрылымдарда аз.

«Мемлекеттік органдар немесе компаниялардың басшыларымен қоса, көптеген жұмыс беруші басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алатыны құпия емес. Бұл жағдайды республикалық та, аймақтық деңгейде де өзгерту керек», — деді Назарбаева.

Комментарий