Қоғам | Общество

«Туған ағамнан жүктімін»: 13 жастағы қыз ағасын кінәлап отыр

13 жастағы қарындасын ағасы жүкті етті. Олай деп қыздың өзі айыптап отыр. Ал әкесі ұлының мұндай әрекетке барғанына сенбейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат»бағдарламасы.

Бейсенбай Әбдірахмановтың айтуынша, 22 жастағы асыранды ұлы мұндай әрекетке баратын жігі емес. Олай дейтіні баласы шылым шекпейді, алкогольдік ішімдік те аузына алып көрмеген. Ал өгей шешесі керісінше, қызын сол баланың жүкті қылғанына сенеді.

“Қыздан сұрап едім «Иә, сол» деп отыр. Басқа ештеңе айтпайды. Маған ашып ештеңе айтпайды. Сұрауға да дәтім бармайды. Қалай сұрарымды білмеймін. Оңашада да сұрауға аузым бармайды. Ал ұлым болса, шырылдап өзінің кінәлі еместігін айтып отыр”, – дейді қиналған әке.

Алайда, туыстары Мейіржан жетім бала болғандықтан, өгей шешесі барлық жаланы соған итеруде дейді. Барлығына үйдегі келіндерін кінәлауда.

“Былай сырт көзге бала жақсы, пысық. Ешкімнің көңілін қалдырмайды. Неге мұндай қылық жасағынын білмеймін. Бірақ жаным ашиды бір жағынан. Бірақ қызымның жағдайын көргеннен кейін баланы жек көріп кеттім”, – дейді жүкті қыздың шешесі.

Комментарий