Қоғам | Общество

“Бұрын 80 теңге болып тұрғанда жақсы тапқанбыз”: Автобус жүргізушілері қанша ақша табады?

Автобус жүргізушілер қанша жалақы алады? Істеген жұмысы алатын айлығына сай ма? Осы туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі біліп қайтты.

Автобус жүргізушілерін жұмысқа аларда бірнеше талап қойылады. Оған автобус салонында темекі шекпеу, қауіпсіздік белбеуін тағу деген сияқтылар кіреді. Ал шылым шегіп қойса 5000 теңге айыппұл салынады.

«Айына 15 күн жұмыс істейміз. Жүргізушілер ауысып отырады. Айлық 100 мың теңгеден 170 мыңға дейін. Бірақ егер жұмыс күндерің он бес күнге толмай қалса, онда 100 мың теңге ғана айлық жазылады. Жұмысымыз қиын негізі. Әр маршруттың өз жұмыс кестесі болады. Қазір «Оңай» карта шыққалы табыс та азайып қалды негізі. Бұрын 80 теңге болып тұрғанда жақсы тапқанбыз», – дейді Дәурен.

Айтуынша, қаладағы әр маршруттың жұмыс кестесі әрқалай. Сондай-ақ, күніне қанша адам таситындары да әрқалай болып келеді екен. Ол автобустың көлеміне қарай.

«Мен қаладағы №17 маршруттың жүргізушісі болдым. Ол автобусқа 68 адам сыя алады. Одан артық ала алмайсың. Ал №65 маршрутқа бұдан да көбірек адам алуға болады. Өйткені оның көлемі үлкен. Мысалы, №60 автобусқа елу адам сыяды», – дейді автобус жүргізушісі.

Күніне автобус 500-600 адам тасуы керек. План солай құралған. Егер кем шықса, онда айлық соған қарай беріледі.

Ал, Алматы қаласы қоғамдық көліктерінің қойған талаптарында маршруттағы адам сыйымдылығы көрсетілмеген. Алайда, шағын автобустың салонында өлшемi 60х40х20 см дейiнгi бiр орын қол жүгiн, сондай-ақ қабы бар бiр жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етiледi (автобустарда ғана) деп жазылған. Сондай-ақ, салмақ  және көлем өлшемдерінен асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және белгіленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.

Комментарий