Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстандағы ірі банктердің бірі 10 мың қызметкерін қысқартады

Негізі банк басшылығы бұған дейін де 4 мың 700 қызметкерін қысқарту жоспары жайлы жариялаған болатын.

Қазақстандағы ірі банктердің бірі 10 мың қызметкерін қысқартады

Еуропадағы ірі банк HSBC ((Эйч Эс Би Си)) 10 мың қызметкерін қысқартады. Бұл шығындарды азайту мақсатында қабылданған шешім. Бұл жайында Файнэншл Таймс халықаралық басылымы хабарлайды.

Қысқартуға ең алдымен жалақысы жоғары қызметкерлер ілінеді деп жоспарланып отыр. Жалпы аралық есеп беруге сәйкес, биыл маусымның соңында HSBC банкінде 238 мыңға жуық адам жұмыс істеген.

Негізі банк басшылығы бұған дейін де 4 мың 700 қызметкерін қысқарту жоспары жайлы жариялаған болатын. Оған пайыздық мөлшерлемелердің төмен деңгейі мен брекзит шарттары себеп болған.

Дереккөз: 24.kz

Комментарий