Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Ақмола облысының бас полицейі қоластындағы қызметкерлері тұтқындалғаннан кейін қызметінен босатылды

Ішкі істер министрі Ақмола облысының бас полицейін қызметінен босатты. Берік Біләловтің екі қызметкері тұтқындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Генерал-майор қызметін босату туралы баянатты өзі берді. Біләлов өңірдің полиция департаментін бар болғаны жарты жыл басқарды. Орынбасары Асан Саудов пен қаржымен қамтамасыздандыру басқармасының бастығы Сәуле Жұмалина тұтқындалған соң, ол қызметінен кетті.

Мүлікті иеленіп, жұмсағаны үшін тұтқындалған екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Министрдің бұйрығымен Ақмола облысындағы полиция департаментінің басшысы болып генерал-майор Арманбек Баймурзин тағайындалды. Жаңк қызметке кіріспей тұрып ол ІІМ-нің криминалды полиция департаментіне жетекшілік етті.

Комментарий