Әлемде | В мире

Ауруханаға әрең жетіп, құлаған: Дәрігерлер миына қан құйылған әйелге тамақтан уланған деген диагноз қойған

Пәкістанның Исламабад қаласында 24 жастағы Фатима Риданың миына қан құйылып кеткен. Алайда дәрігерлер әйел тамақтан уланған деп ойлаған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Birmingham Live сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фатима Ұлыбританияда тұратын 25 жастағы Арслан Курбан есімді азаматқа тұрмысқа шығып, сол жаққа көшіп бармақ болған. Алайда 8 қыркүйекте әйелдің кенеттен басы ауырып, дәрігерге жүгініп, бас ауруын жазатын дәрі беруін сұрайды. Ертесі күні ол қайтадан дәрігерге барып, бұл жолы басының қатты ауыратынын және жүрегі айнитынын айтып шағымданыпты. Дәрігер оған тамақтан уланған деген диагноз қойып, үйіне жібереді. Алайда бір тәуліктен аз уақтта әйелдің сол жақ көзі нашар көре бастаған. Осыдан кейін күйеуі одан ауруханаға баруын сұрапты.

Ауруханаға әрең жетіп, құлаған: Дәрігерлер миына қан құйылған әйелге тамақтан уланған деген диагноз қойған

Ауруханаға әрең жеткен әйелдің қол-аяғы қалтырап, құлап қалған. Оны компьютерлік тамографияға жібергеннен кейін миына екі рет қан құйылғаны анықталады. Фатимаға миына қан құйылуын тоқтату үшін, екі шұғыл ота қажет болды. Екінші отадан кейін оның миының ісіп кеткені сонша, дәрігерлер бас сүйегін орнына келтіре алмады.

Курбан әйелінің жағдайы туралы білгеннен кейін бірден Пәкістанға ұшып келген. Бұл кезде комада жатқан Фатимаға өкпені жасанды тыныстандыру құрылғысы қосылған екен. Әйел бірде есін жиып, артынша қайта есін жоғалтыпты. Курбан әйелінің түрін көргенде, оны бірден тани алмаған. Себебі Фатиманың беті қатты ісіп кетіпті.

Ауруханаға әрең жетіп, құлаған: Дәрігерлер миына қан құйылған әйелге тамақтан уланған деген диагноз қойған

Курбан қазіргі уақытта әйелінің беті бері қарап келе жатқанын айтты. Ер адамның сөзінше, ол Фатиманың жанында отырғанда, әйелі оның даусын таныған. Әйелі оның мойнынан құшақтап, өзіне қарай тартыпты. Артынша ол көзін ашуға тырысқан.

Бүгінде Курбан бірер аптадан кейін Фатиманы палатаға ауыстырады деп үміттенуде. Ал дәрігерлер пациентке не болғанын білмейді. Себебі бұған дейін оның денсаулығында кінәрат болмапты.

Комментарий