Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Хатында ата-анасынан ажыраспауды сұраған”: Көкшетауда 13 жасар жасөспірім 8-қабаттан секіріп мерт болды

Көкшетауда 13 жасар жасөспірім 8-қабаттан секіріп құлап мерт болды. Ол өлімінің алдында хат жазып қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 4 қазанда болды. Көкшетауда полицияға 8-қабаттан секіріп кеткені туралы жедел жәрдем дәрігерінен хабарлама келді.

Ақмола облысының полиция басқармасында түсіндірілгендей, тергеу тобы 13-жастағы баланың 8-қабаттан секіргенін анықтады.

Оқиға орнында суицид туралы жазба табылды. ҚР ҚК 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жазбада жігіт ата-анасынан ұрыспауды және ажыраспауды сұрайды.

Жедел жәрдем станциясында көрсетілгендей, бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Комментарий