Қоғам | Общество

“Қыздарға түнде тыржалаңаш жүгіреді”: 5 баласы бар қариялар осы жасқа келгенде бір-бірінен баз кешті

«Қатыным дұшпаныма айналды» деген егде жастағы қарияның сөзі сүйекке тиетіні сөзсіз. Бүгінгінің адамдары қарттардың да ажырасқанын көретін күнге жетіпті. Бүгін осындай жағдаймен «Астарлы ақиқатқа» егде жастағы қариялардың келгені белгілі болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәселені шешу үшін «Астарлы Ақиқат» бағдарламасына неше жыл отасқан, араларында 5 бала бар қариялар келді. Бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүрген Жақсымұрат ата мен Аққағаз апа бүгінде бір-бірінен баз кешкен.

Аққағаз апа күйеуінің қыздарға көп баратынын айтады. Ал, Жақсымұрат ата әйелі жала жапты дейді.

«Қыздарға түннің ішінде тыр жалаңаш болып жүгірді. Оған 5 бала керек емес. Дүние-мүлік үй керек»,- дейді Аққағаз апа.

Бірақ, отбасының келіні қайын ағасын жақтап сөз айта қалып еді, Аққағаз апа ашуланып, келінін сөгіп тастады.

Оның сөзінше, күйеуі басқа әйелін еркектерге өзі шығарып беріп, ақшасын алып отырған екен.

Ал, студияға бетперде киіп, Жақсымұрат атадан балам бар деген әйел Аққағаз апаның бір сөзінде шындық жоқ екенін айтты. Айтуынша, ол түрмеде отырып шыққан. Абақтыда болғанында Жақсымұрат қария балаларға қарамақ түгілі, іздеп те келмеген.

Бірақ, осынша жасқа келгенде бәйбішесімен қырық-пышақ болған қария 1 жыл бұрын тағы үйленіп алыпты.

Комментарий