Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Қазақстанда зейнетке шығу жасы 65-67 жасқа көтерудің жоспарланбағанын айтты.
«Ол жалған. Неге десеңіздер, журналист теріс ақпарат берді. 65-67 жасты айтқанда Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесін мысалға келтірген едім. Бұл цифрларды тек мысал ретінде ғана келтірдім. Қазақстанда ондай жоспар жоқ. Қазір бұл мәселе талқыланбайды да», – деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сұрағына.
Айта кетсек, еліміздің кейбір бұқаралақ ақпарат құралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сілтеме жасай отырып, елімізде зейнетке шығу жасын 65-67 жасқа көтеру туралы айтқан еді.
Комментарий