Тағдыр | Судьба

«Маған көмек беріңіздерші»: Бала-шағасы бас тартқан қария бірнеше жылдан бері көше кезіп жүр

Алматы тұрғыны Сәкен Жиренбаев бірнеше жылдан бері көше кезіп, қаңғыбасқа айналған. Туғандары бас тартқан қарияның аяқтары үсіп, саусақтарын кесіп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Мен бір қазақ едім. Қазір далада қалдым. Маған көмек беріңіздерші. Жалғыз сіздерден сұрайтыным сол», – дейді көзіне жас алған Сәкен Жиренбаев.

Қарияға жаны ашыған Бағдат Тоғанасов оған көмектесіп, дәрі-дәрмектерін алып береді екен. Көшеде қалған қария өздігімен жүре алмайды. Аяғын үсік шалып, саусақтарын кестіріп тастаған. Ол тек қабырғаға сүйену арқылы орнынан қозғала алады.

«Осыдан он жыл бұрын аяғымды үсітіп алдым. Киетін киім жоқ. Біреудің қойын бағып келгенмін. Үйдегі келіннің сөзіне шыдай алмай үйден шығып кеткенмін. Солай үсітіп алдым. Солай саусақтарымды кесуге тура келді», – дейді Сәкен Жиренбаев.

Айтуынша, 20 жыл бұрын жағдайы жақсы болған. Байлық та, отбасы да болыпты. Алайда үш баласымен тоқал алып, ұйып отырған отбасын ойрандаған. Кейіннен тоқалы өз күйеуіне қосылып, Сәкен Жиренбаевты тастап кетіпті.

Қарияның бес баласы бар. Алайда, олармен араласпайды. Өйткені бәйбішесі кешірмеген. Тіпті балалары да қаңғырып жүрген әкелеріне жаны ашымайды екен.

Комментарий