Қоғам | ОбществоШулы іс | Громкое дело

“Не деген ұятсыз еді”: Алматылық кондуктордың әрекеті жұртты ашуландырды (видео)

Алматы қаласында жолаушыларды автобусқа сыйдыра алмай әлек болған кондуктор жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

23 автобус кондукторы адамдарды автобусқа сыйдыра алмай әлек болады. Соңында өзі сыймай қалып, жолаушыларды күштеп ығыстырады.

Желі қолданушылары өз кезегінде бұл көріністің ашуға тигенін, бір шетінен әбден күлкіге қарық болғанын жарыса жазып жатыр.

«Тоғыз айдан кейін бұл жолаушылардың босанатынына күмәнім жоқ», «Ештеңке етпес. Жапонияда бұдан да жаман», «Не деген ұятсыз өзі», «Кондукторлардың кәсіби қимылы», «Әр таң сайын осылай», «Не үшін жамбасын қозғалтып тұр? Оның не керегі бар», «Байбекке дұғай-дұғай сәлем», «Автобус резіңке сияқты», «Ғасыр әзілі» деп жазды желі қолданушылары.

Комментарий