Әлемде | В мире

Көпбалалы ана жаңа туған сәбиіне тамақ бермей, өлтіріп алды

Қайғылы оқиға 2017 жылы Германияда орын алды. Сол жақта тұратын қазақстандық әйел екі айлық сәбиіне тамақ бермей, әбден әлсіретіпті, деп хабарлайдыNeonomad.kz ақпараттықа агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Сәбидің салмағы небәрі 2 823 грамм болған. Аштықтан кішкентай бала көз жұмды. 

Оқиғаға қатысты тергеу амалдары екі жыл жүргізілді. abendblatt.de сайтының ақпаратынша, жауапсыз анаға баланы абайсызда өлтіріп алды деген айып тағылуда. 

Белгілі болғандай, әйелдің шетінеп кеткен сәбиден басқа тағы 6 баласы бар. Олардың жасы 4-11 жас аралығында. Сот медициналық сарапшылар сәбиді тоқ ішегі қабынып кеткенін анықтады. Сонымен қатар, сәбидің қабырғасы шығып кеткен, терісі салбырап қалған. Олар қайғылы жағдайға қан айналымының дұрыс болмауы себеп болғанын айтады.

Баланың әкесі – Марокко азаматы. Олар үш бөлелі пәтерде тұрған. Және жернілікті биліктен жәрдемақы алады екен. Алайда билік әйелдің жетінші баланы туғанынан бейхабар болып шықты. 

Егер әйел кінәлі деп танылса, онда 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Комментарий