Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Ең болмасы қорғаныш болмады»: Анасынан айырылған үш бала видеоүндеу түсірді

Анасынан айырылған 6 баланы әкесі тастап кетіп, ортаншы қызын қаладағы мешіттердің бірінде қайыр сұратқызып қойған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігіStan.kz сайтына сілтеме жасап.

Анасынан айырылған 6 бала өзінің әкесінен қорлық көріп, көмек сұрап бейне түсірген болатын.

«Осыдан екі жыл бұрын анам қайтыс болып кетті. Әкеміз қарамай кетті. Басқа әйелдермен сөйлеседі. Бізді балам деп айтпайды. Ештеңе де бермеді. Ақшасы да керек жоқ дедік. Ең болмаса қасымызда қорғаныш болмады. Әкем анам тірі кезінде де осылай еді. Бірақ ауылда біздің үйіміз бар болатын. Оны әкем өз әпкесіне бере салды. Анам қайтыс болып кеткеннен кейін біз егістікте жұмыс істедік», – дейді көз жасына ерік берген Шолпан.

Жасөспірімнің айтуынша, әкелері анасы қайтыс болғаннан кейін әйелдермен көп сөйлесе бастаған. Ал балаларының жағдайына мүлдем қызықпай, олар туралы ойламаған. Қазір балалар саяжайдағы иесіз қалған үйде өмір сүріп жатыр екен.

"Ең болмасы қорғаныш болмады": Анасынан айырылған үш бала видеоүндеу түсірді 1

«Саяжайдағы үйде біз қыста тұра алмаймыз. Өйткені пеші жоқ. Анамыз қайтыс болғаны үшін айына 70 мың теңге аламыз. Сол ақшамен өмір сүріп жатырмыз. Кейде жетпей қалса, егістікте жұмыс істеп ақша табамыз», – дейді үйдің үлкен қызы Шарапат.

Анасы қайтыс болғанға дейін отбасы ауылда тату-тәтті тұрған. Алайда, осы оқиғадан кейін әкелері кенет өзгеріп кетіпті. Жанат үйден кетерде 12-13 жастағы ортаншы қызын өзімен бірге алып кеткен. Қыздардың айтуынша, әкелері сіңлілерін «Саяхат» маңындағы мешіт жақта қайыр тілетеді. Тіпті Жанат қарызданған адамдарға қыздарының телефон нөмірін беріп, солар төлейді деп айтады екен.

Алайда, Жанат ортаншы қызы Жаннетаға қайыр тілетпейтінін, қыздарын жақсы көретінін айтқан болатын. Балалар үлкен ызамен әкелерін кешірмейтіндерін және бірге тұрғысы келмейтіндерін бөліскен еді.

Комментарий