Талқыдағы тақырып

Ал былай көшедегі елден алғыс дәмету деген…

Қарасам, бүгін «маған басқа ұлт өкілдері алғыс айтпады» деген жылаңқы жазбалар көп екен. Тіпті, «маған көшеде ешкім алғыс айтпады» деп кейігендер бар. Көшедегі танымайтын адам не деп, не үшін алғыс айтуы керек? Танитындар бір-біріне айтып жатыр. Отанды сүйсек, заңды сыйласақ, адал еңбек етсек, алғыс деген сол емес пе? Ал былай көшедегі елден алғыс дәмету деген…)))
Қазір қазақ дүниеге таралды. Германияда, Англияда, АҚШ-та тұрады. Соларға ағылшындар, немістер «маған алғыс айт» демейді ғой.
Алғыс айту күні болғаны жақсы. Бірақ оны осы елдің әрбір азаматының (ұлтына қарамай) Отанға алғыс айту күні деп түсінген жөн болар.
Әлде мұным дұрыс емес пе? «Қазақты әлемге танытқан Головкин маған алғыс айтпады» деп ренжісем бе екен?

Бағдат Батықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий

Бөлісу | Поделится